"ТМД-ның батыс шекараларында қазір болып жатқан оқиғаларға қатысты баға мен көзқарас тұрғысынан Тәжікстан мен Ресейдің ұстанымы айтарлықтай алшақтай қоймайды", -деп мәлімдеді А. Юлдошев.
Дипломаттың айтуынша, "Тәжікстанда Путиннің Бухарест саммитінде айтқанын мұқият зерттеп жатыр".
Ресейдің Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қатысты экономикалық санкцияларды алып тастау туралы ұсынысына түсініктеме берген А. Юлдошев "бұл мәселенің Ресей мен Грузия арасындағы екі жақты қарым-қатынастар аясында болғанын, бола беретінен және оның тиімді шешімі табылатынын" атап өтті.
Еске сала кетейік, Ресей - Солтүстік Атлантикалық альянс Кеңесінің қорытындысы бойынша, альянстың саммиті кезінде Солтүстік Атлантикалық альянстың шығысқа қанат жаюы мен оның Ресейдің батыс шекарасына таяй түсуі демократиялық құндылықтарды да әкеледі және ол өңірді нығайту мен тұрақтандыруға қызмет етеді деген тезис жарияланғаны жайындағы журналист сауалына РФ президенті Владимир Путин өзінің кейбір әріптестерінің аузынан осындай тезисті естігенін айтқан.
"Бұл мен үшін аса таңданарлық тезис. Оның түпкі мәні нені меңзейтінін ойланып көріңіздерші : егер қандайбір ел Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшесі болса, ол демократияылқ ел деп аталуға тиіс, ал егер болмаса, - яғни, ол демократиялық ел емес деген сөз бе? Ішкі саяси құрылымына қарай демократиялық сипатта екеніне ешкім де шек келтірмейтін ел әлемде қаншама, бірақ олар Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшесі емес. Әлде олар енді демократиялық ел болмай қалды ма? Немесе мысалы, Украинаны алып көрелік: егер оны кеше альянсқа қабылдаса, ол демократиялық елге айналар ма еді? Ал бүгін ол сонда демократиялық ел емес болғаны ма?" -деді Ресей президенті.
Сонымен бірге, В. Путин Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшесі болу қандайбір елді автоматты түрде демократияға алып келмейтінін атап өтті. Ол автоматты "демократияландырушы" емес, деді. "Мәселен, Балтық жағалауындағы проблеманы алайық. Латвияда мысалы "елдің азаматы болып табылмайтын" жүздеген мың адам бар, мұндай жағдайды халықаралық, соның ішінде құқық қорғаушы ұйымдар айыптайды. Біз оны білеміз. Бұл қоғамның демократиядан алшақтығын паш етеді. Бірақ Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүшелікке өту осы "елдің азаматы болып табылмайтын" жүздеген мың адамның өмірі үшін ешбір өзгеріс әкелген жоқ. Сол себепті әскери-саяси блоктың демократияландырушы ролі туралы әңгіме асыра сілтеушілікке жатады", - деді РФ президенті.