Caravan Logo

Солтүстік Ирландияда католиктер мен протестанттар қақтығысты

Солтүстік Ирландияда католиктер мен протестанттар қақтығысты


Республикашыл католиктер Солтүстік Ирландияның Ұлыбританиядан бөлініп, Ирландияға қосылуын қалайды. Осы мақсатта ұйымдастырылған кезекті шеруге, ағылшындардың құрамында қалғысы келетін протестанттар кедергі жасамақ болыпты. Қақтығыс кезінде тараптар бір-біріне тас атып, таяқ қолданған. Араға түскен полиция қызметкерлеріне де оңай болған жоқ. Жаппай тәртіпсіздік кезінде 4 офицер ауыр жараланып, ақыры шерушілерді таратуға су атқыштар қолдануға тура келген. Протестанттар мен католиктер 1998-ші жылы күш қолданбау туралы бейбіт келісімге келгенімен, ара кідік осындай қақтығыстар болып тұрады.