Солтүстік Каспий жобасы бойынша Қазақстанның ҚазМұнайГаз компаниясының атына BG тобынан сатып алған акциялардың құны 1,6 млрд. долларды құрады - Eni компаниясындағы ақпарат көзі

Ақпарат көзінің хабарлауынша, қазір ҚазМұнайГаз бен BG тобы аталмыш қаржыны өтеу үлгілері туралы талқылауда. Қаржының 50 процентін ҚазМұнайГаз жеке қаржысынан, ал қалған 50 процентін Қашаған кенішінде өндірілетін болашақ мұнайдың есебінен өтеледі деп күтілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше, 20-сәуірде өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар аталмыш келісімнің тиімділігіне күмән келтірген. Мәселен, Марал Итеғұлов, Болат Әбішев, Оралбек Жақиянов пен Амалбек Тшанов сынды мәжіліс депутаттары ҚР үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, онда BG тобынан сатып алған акциялардың құны туралы хабарлауды сұрады.
Депутаттар үкімет басшысына мынадай сауалдар тастады: "Бұл қаржы қайдан алынған? Аталмыш сауда-саттық шарасы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның әсері аясына қамтыла ма? Егер олай болған жағдайда, заң талаптары сақталған ба? Егер ҚазМұнайГаз бұл мақсатта несие алса, онда келісім-шарты бойынша кім кепілдік жасады? ҚазМұнайГаз Ұлттық компания болуға байланысты аталған сауда-саттық туралы мәселе парламент арқылы өте ме? Және бұл мәселе не себепті парламентте талқыланбады?".
Бұдан бұрын дахабарлағанымыздай, Қашаған кенішін игеруші BG тобы акционерлері үлесінің 50 процентін Қазақстан сатып алғаны туралы құжаттарға 27-сәуірде Астанада қол қойылады. 30-наурызда ҚР үкіметі, республиканың энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ Солтүстік Каспий жобасы бойынша Қазақстанның ҚазМұнайГаз компаниясының атына BG тобынан 8,33 проценттік үлесін сатып алу туралы келіссөздерді табысты аяқтады.
BG тобы 7-сәуірде таратқан хабарламаға сәйкес, үлесті жобадағы әріптестері болып табылатын италияның ENI, францияның Total, американдық Exxon Mobil және ConocoPhillips компанияларына сату арқылы 1,8 млрд. доллар қаржы тапты.
Қазақстанның ҚазМұнайГаз компаниясының атына BG тобынан 8,33 проценттік үлесін сатып алу құны жоғарыда аталған қаржының тең жартысын құрады.
Ал акцияларды сатып алу туралы келісімге қол қоймай тұрып ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник "BG акцияларының 16,67 проценттік қоржынының нарықтағы құны 1,23 млрд. долларды құрайды, демек, сатып алынатын акциялар қоржыны 615 млн. доллар тұрады" деп мәлімдеген болатын.
Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді (1,5 млрд. тонна) құрайды. Agip KCO Қашаған кенішінде өнеркәсіптік мұнай өндіре бастау мерзімін 2007-2008 -жылдарға межелеп отыр.
Қашаған кенішін игеру жобасының операторы болып табылатын Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен.
Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді (1,5 млрд. тонна) құрайды. Agip KCO Қашаған кенішінде өнеркәсіптік мұнай өндіре бастау мерзімін 2007-2008 -жылдарға межелеп отыр.