Солтүстік Корея басшысының ағасының отбасы мүшелері түгел өлтірілді

деп "Россия 24" телеарнасы кеше мәлімдеді.

67 жастағы шенеуніктің өзі 12 делтоқсанда атып өлтірілді. Енді оңтүстіккореялық "Рёнхап" агенттігіне жасырын хабарласқан дереккөздер мәлімдегендей, Чан Сон Тхектің үлкен әпкесі КЗДР-дың Кубадағы елшісі болып табылатын күйеуімен, Малайзияда елші болып жүрген жиені екі ұлымен былтыр желтоқсан айында Пхеньянға кері шақырылып алып, өлтірілген болатын.

Өлім жазасы тіпті кішкентай немерелеріне де қолданылды. Чан Сон Тхектің билікке қарсылық білдірген кейбір отбасы мүшелері көршілерінің көзінше есік алдында атып өлтірілген сыңайда.


Чан Сон Тхэкке мемлекетке қатысты сатқындығы, жемқорлық пен порнографияға әуестігі үшін айыпталды. Сонымен қатар, оның тапсырмлаарын тікелей орындаған жеті көмекшісі деп атып өлтірілді.