Жергілікті билік мұның арты азық-түлік жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін деп дабыл қағуда. Соңғы кездері мұнда жаңбыр жаумай, күріш алқаптары құрғап қалған. 90-жылдары осындай құрғақшылықтан мұнда мыңдаған адам қырылып қалған еді. Қазірдің өзінде Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтеріне сенсек, Солтүстік Кореяда кәмелетке толмаған балалардың үштен бірі үнемі аш жүреді. Сол себепті халықаралық ұйым бұл ел 111 миллион АҚШ долларына зәру екенін мәлімдеген болатын, деп хабарлайды
http://24.kz/kz.