Бұл шаралар туралы Қытайда жұмыс істейтін бірқатар туристік агенттіктер арқылы белгілі болды.
«Біз жаңалықты Пхеньяндағы әріптестерімізден естідік, бүгіннен бастап ол ел туристерді енгізбейді. Бұл Эбола вирусының таралу қаупіне қатысты сақтық шаралары» , - деп хабарлады агенттіктердің бірінен.
Онда тыйым туристің қай елде болған-болмағанын тексермей-ақ, барлық туристерге қатысты қолданылатыны айтылған. Бұл тыйым қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.