Ауруды жұқтырғаны анықталғаннан кейін оны өлім жазасына кесіп, атып өлтірген.
Бұл туралы Оңтүстіккореялық БАҚ жарыса жазуда, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Атып өлтірілген азаматтың коронавирусты жұқтырғанымен қоймай, ол қоғамдық саунаға барғаны белгілі болды.
Солтүстік Корея азаматтарының Қытайға барғаны белгілі болса, оларды да жазаға күтіп тұрғаны жазылған Оңтүстіккореялық БАҚ беттерінде.
Шенеунікке карантин жарияланды - бұл КХДР-да көрші елге барып келген азаматтарға қатысты. Заңды бұзғаны үшін ер адам өлім жазасына кесілді. Үкім бірден орындалған.
Сондай-ақ, Солтүстік Кореяның тағы бір шенеунігі Қытайға барғанын жасыруға тырысқаннан кейін арнайы фермаға жер аударылған. Осы жағдайдан кейін Солтүстік Корея Қытаймен шекараны жауып тастаған. КХДР-да коронавирустың бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ.
Қытайда коронавируспен ауыратындардың саны 65 мыңға жетіп, 1383 адам қайтыс болды.