Caravan Logo

Солтүстік Кореядағы ядролық полигонда 200-дей адамның қаза тапқаны жасырылып келген

Солтүстік Кореядағы ядролық полигонда 200-дей адамның қаза тапқаны жасырылып келген

Бұл туралы оңтүстіккореялық KBS World Radio Жапонияның Asahi TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлады, ҚазАқпарат.

Апат 10 қыркүйек күні болған. Алайда ол туралы ақпарат 31 қазанда ғана тарады. Дереккөздерге сүйенсек, құрылысы жүріп жатқан тоннельдің  құрылымдары құлап, соның салдарынан 100-ге жуық жұмысшы жер астында қалып қойған. Одан кейін тау жыныстары қайта қозғалып,  қайта опырылған. Салдарынан 100-ге жуық құтқарушы ажал құшты.