Бұл туралы өңiр басшысы Ерiк Сұлтановтың өткiзген аппараттық кеңесiнде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Мәриям Бапанова мәлім етті.
Оның айтуынша, облыс бойынша 1465 дәрiгер мен 5112 орта медициналық қызметкерлер жұмыс iстейдi. Мәриям Бапанованың айтуы бойынша облыста әлi 200-ден аса дәрiгер қажет. Ауылдарда - 70, облыс орталығында - 121 дәрiгер жетiспейдi. Кадр тапшылығы Жамбыл, Шал ақын, Тимирязев аудандарында ерекше сезiледi. 2014 жылы облысқа 75 жас маман келедi деп жоспарланған. Олардың 50-уi келiп, жұмысқа орналасқан.
Өңiр басшысы өзiнiң орынбасары Анархан Дүйсеноваға екi аптаның iшiнде облысқа дәрiгер кадрларды тарту бойынша жұмыс жоспарын жасауда тапсырды.
«Мүмкiн олар үшiн балабақшалардан орын қарастыру керек шығар. Жатақхана, пәтер мәселелерiн де есепке алыңыз», - дедi Ерiк Сұлтанов.
Күзгi ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкелерiн ұйымдастыру туралы кәсiпкерлiк және туризм басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Еркебұлан Кәменов баяндады. Облыс әкiмi мұндай жәрмеңкелердi әлi де ұйымдастыру керектігін айтты.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серiкбай Тұралинов елдi мекендерден сүт жинауды ұйымдастыру жұмыстарының қорытындылады. Бүгiнде елдi мекендердiң 78 пайызында сүт жиналады. Бiр айдың iшiнде ғана қосымша 44 елдi мекенде бұл жұмыс ұйымдастырылған. Облыс әкiмi жұмыс тиiстi деңгейде жүргiзiлмей отырған Ақжар, Уәлихан, Жамбыл аудандарын бақылауға алуды тапсырды.
Қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкiмжанов бюджеттiк ұйымдарға жемiс пен көкөнiс қабылдау бойынша атқарылған жұмыстар жайынан хабардар етті. Өңiр басшысы бұл жұмысты жүргiзуде жергiлiктi тауар өндiрушiлердi де қатыстыру керек екендiгiн айтты, деп хабарланған СҚО әкімдігінің ресми сайтында.