Солтүстік пен Оңтүстік Корея шекарасында атыс болды


Солтүстік Корея сарбаздарының шекарадағы әскери-демаркациялық аймаққа жақындағанын байқаған оңтүстіктер бірінші оқ атқан. Оқ атпастан бұрын бірнеше рет ескерту жасалыпты, алайда қарсы жақтан оқ атылған соң, атыс басталып кеткен.
Оңтүстік Корея жағынан адам шығыны жоқ екені анықталды.

Айта кетейік, БАҚ-тың хабарлауынша, өткен аптада екі жақтан да теңіз және құрғақтағы әскери бекеттерде үш рет атыс болған.