Облыстың жалпы жанар-жағармай сұранысы 54 мың тоннаны құрайды. Ал қазіргі қолда бары 40 мың тонна. Алайда, Н.Ыбыраевтың айтуынша, бұл мәселе қазір шешілу үстінде. Үкімет қаулысына сәйкес, дихандар Павлодар мұнай өңдеу зауытынан әкелінетін арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз етілмекші. Бір тоннасы 185 доллардан барлығы 20 мың тоннадан астам жанар-жағармай жеткізіледі деп күтілуде. Жанар-жағармайды тарату жұмысымен жергілікті 4 оператор - фирма айналысады. Жанар-жағармайдың алғашқы 500 тоннасы Павлодар мұнай өңдеу зауытынан Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтіліп үлгерді. Н.Ыбыраев Солтүстік Қазақстандық дихандар ендігі жерде науқан барысында жанар-жағармайдан тапшылық көрмейді дегенге сенім білдірді.