Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер 11 кило марихуана әкеле жатқан есірткі тасымалдаушыны ұстады

Алматы-Екатеринбург бағытында жолға шыққан әйел өзімен бірге 5 жасар қызын ала шыққан. Бұл жағдай мүмкін кеденшілердің қырағылығын көмескілендіріп жіберер ме еді, кім білсін, бірақ, есірткінің иісін арнайы жаттықтырылған иісшіл ит сезіп қойды.

Ұсталған әйел қапшықтардың ішінде не бар екенін білмеймін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, сәлемдемені бір таныстары Екатеринбургтегі туыстарына беріп жіберген. Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасуда.