Солтүстік Қазақстан облысында 1 млн теңге көлеміндегі азық-түлікті сатуға тыйым салу туралы 397 ұйғарым шығырылған

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері 29 сауда ұйымы тексеріліп, азық-түлік, ішімдік өнімдері, бензин, дизельдік отын, құрылыс материалдары, парфюмерия-косметикалық өнімдерінің 295 үлгісі сатып алынып, "НаЦЭкС" АҚ Солтүстік Қазақстан облысындағы бөлімшесінің зартханасына сынаққа жіберілген. Пайдалануға немесе нұсқауы бойынша қолдануға жарамсыз өнімдер анықталған жағдайда, оларды одан әрі қайта өңдеу немесе жою туралы мәселе қойылады.

Басқармадағылардың түсіндіруінше, бақылаудағы сатып алу "Техникалық реттеу туралы" заң мен ішкі сауда және заң бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік қадағалау жүргізу әдістемесінің ережесіне сәйкес жүргізіледі. Яғни, сыртқы келбеттері нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмейтін немесе сапасыздықтың айқын белгілері болған жағдайда, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде ақпарат, немесе, таңбалау болмаған кезде жүргізіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті