Солтүстік Қазақстан облысында 10 ай ішінде өрт салдарынан 56 адам, соның ішінде 8 бала қайтыс болған

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, тілсіз жаудың салдарынан келген материалдық шығын 300 млн теңгеден асып жығылады. Жалын 80 құрылысты, 16 бірлік көлік құралын, 600 тоннаға жуық жем-шөпті жалмаған.

Баспасөз қызметіндегілер сондай-ақ, күннің суытуына орай пештен шыққан өрттердің күрт жиілеп кеткендігін атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті