Солтүстік Қазақстан облысында 13 елді мекен өмір сүруін тоқтатады

Кеше облыстық мәслихаттың 7 сессиясында осындай шешім қабылданды.

Одан басқа 9 ауылдың атауы өзгертілетін болады. Облыстық мәслихат депутаттарына облыстық ономастикалық комиссияның мүшелері тиісті ұсыныс жолдады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мәлік Мұрзалин атауларды өзгерту туралы барлық ұсыныстар алдын-ала аудан әкімдерімен келісілген және жергілікті тұрғындардың мақұлдауы мен қолдауына ие болған деді.