Кеңеске қатысушылардың айтқанындай, жанар-жағармай бағасының өсуі, көтерме сауда жүйесінің дұрыс дамымауы мен жылыжайларда көкөністердің жеткілікті мөлшерде өндірілмеуі көкөніс өнімдерінің тапшылығын жиі тудыруда. Көкөніс нарығындағы осындай қолайсыз ахуалды болдырмау үшін мемлекет көкөніс өндіруге субсидия бөлсе, облыс басшылығы егіс алқаптарының көлемін 20% ұлғайту мақсатын қойды, деді отырыста облыс әкімінің орынбасары Самат Ескендіров.
Облыстық ауылшаруашылығы департаментінің бастығы Серік Ташеновтың мәліметінше, 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 369 мың тонна картоп пен 121 мың тонна басқа да көкөністер өндірілген. Бұл дақылдардың басым бөлігі (96,9% және 97,4% ) жеке меншік сектордың үлесінде.
Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысына еліміз бойынша картоп өндірісінің 18% үлесі тиеді.