Айыптау қорытындысының материалдарынан қайғылы оқиғаның 29 ақпанда Қызылжар ауданының Вагулино ауылында орын алғаны белгілі болды. Араққа тойып алған В. Фомин өз танысының 6 жастағы баласын аса қатыгездікпен қатты сабап, соңынан баланың өмірлік маңызы бар органдарына бірнеше мәрте пышақ жарақаттарын салған.
Сотталушы Фомин спирттік ішімдіктен кейін еш нәрсе есінде жоқ екенін айтып, өз айыбын жартылай ғана мойындап отыр.