Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 17 жастағы жігіт қыздарды күшпен қамауда ұстап, оларды ақшаға тәнін сатуға мәжбүрледі деген күдік бар. Күдікті сыбайластарымен бірлесіп оларды жалға алған пәтерде ұстап, клиенттерді іздестірумен шұғылданған. Қыздар монша, сауна және мейманханаларда жұмыс істеген. Қыздар қамауда болған және ұдайы таяқ жеген. Полицияға хабар берген жағдайда жәбір көресіңдер деп оларды қорқытқан.
Жәбірленген бір қыз полицияға хабар бергеннен кейін оперативтік қызметкерлер қылмыстық топты құрықтады. 17 жастағы жігіт ең соңында қолға түсті. Оның сыбайластары қазір түгелдей тергеу абақтысында отыр.