Жиналыс жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов, сондай-ақ, элеваторлар мен астық қабылдау орындарының басшылары қатысты. Қазіргі уақытта республикамызда лицензиясы бар 47 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Алты инновациялық жобаны жүзеге асыру астық қабылдауды жылына 186 мың тоннаға дейін артыруға мүмкіндік береді.