Солтүстік Қазақстан облысында бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті

Бес көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы азық-түлік өнімдерінің қоры 400 тоннадан асып жығылады. Өсімдік майы мен тұздың көлемі жеткілікті.

Агенттік тілшісінің хабарлауынша, бұрын құрылған бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерінің бағасын қадағалау жөніндегі төрт мобильдік топтың жетекшілері бөлшек саудада қант 110 теңгеден қымбат емес бағамен, тұздың бір килограммы 25 - 30 теңгеден және өсімдік майының бір литрі 270 - 370 теңге аралығында сатылып жатқандығын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті