Солтүстік Қазақстан облысында бюджеттен шағын бизнес субьектілерін несиелендіруге 500 млн теңге бөлінді

Қор филиалының хабарлауынша, басым бағыттарға өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын, құрылыс индустриясын, туристік бизнесті, қызмет көрсету салаларын дамыту жатады. Әкімнің "Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік субьектілерін бюджеттен несиелендіру жөніндегі" қаулысымен несие алушы үшін пайыздық ставка көлемі жылдық 13,22%, бір несие алушыға берілетін ең жоғарғы сома 140 млн теңге, несиелендіру мерзімі 5 жылға дейін, оның басты қарызын қайтарудың жеңілдетілген мерзімі 20 айға дейін деп белгіленді.

Бюджеттік несиелендіру аясында қор кәсіпкерлердің жобаларын тең қаржыландыруға атсалысуда. Несиелендіру екінші деңгейлі банктердің филиалдары арқылы жүзеге асырылады. Бір міндетті шарт - бизнес-жоспардың және өтімді кепілдіктің болуы.