Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқанының барысында аумақтың 60 пайызы жаңа техниканың күшімен себілген

Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, өңірдің аграрлық секторын техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары бірнеше жыл қатарынан жүргізіліп келеді. Тек ағымдағы жылдың 5 айында 11 млрд теңгенің 1 мыңнан астам жаңа техникасы қосымша сатып алынған. Осы көктемде әдеттегі агрегаттардан басқа заманауи 708 тұқым себу кешені іске қосылған. Олардың өнімділігі әр тәулік сайын 200 мың гектарға тұқым себуге мүмкіндік берген. Егіс аумағының 60 пайызына нақ осы аталған жаңа техниканың көмегімен тұқым себілген.