Солтүстік Қазақстан облысында электр сымын қимақшы болған ер адам қайтыс болды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, еш жерде жұмыс істемейтін Есіл ауданының Өндіріс ауылының 36 жастағы тұрғыны екі ауылдасына электр желілерін сатып ақша табуды ұсынған. Олар Черновка ауылына қарай электр желісіне барған. Ер адам бағанаға шығып, кемпірауыздың көмегімен сымдардың бірін кескен. Екіншісін кесе бергенде ер адам жерге құлап түскен.