Солтүстік Қазақстан облысында екі бала құдыққа құлап кетті

Қайғылы оқиға 28-наурыз күні болған. Қазір белгілісі, балалар ойнап жүріп құдық суына батып кеткен. Оқыс оқиғаның бұдан басқа егжей-тегжейі беймәлім.

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, осындай оқыс оқиғалардың шығуына ата-ананың баласына көз-құлағын салмай, беталды жіберуі басты себеп. Осыған байланысты, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы тұрғындарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.