Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніне екі адам батып кетті

ТЖМ мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніне (Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Разгульное кенті) 6 маусымда сағат 17.00-де өзеннен өткен кезде қайық аударылып кету салдарынан 26 және 29 жастағы екі ер адам суға батып кетті.

Суға батып кеткендерді жергілікті тұрғындар маусымның 6 мен 10 аралығында іздестірген. Мәйіттер судан жергілікті тұрғындардың күшімен шығарып алынды.