Солтүстік Қазақстан облысында газдар қоспасының жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2-ші және 3-ші дәрежелі ауыр күйікке шалдыққан екі адам Көкшетау ауруханасына жөнелтілді. Зардап шеккен үш адам да Степногорск тұрғындары.

Алдын-ала жорамал бойынша, жарылысқа техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі талаптарына бағынбау түрткі болған. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.