Солтүстік Қазақстан облысында Германияға кетіп бара жатқан радиоактивті жүгі бар көлік жүргізушісі қамауға алынды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Жаңажол" кеден бекетінің (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы) қызметкерлері 22 мамыр күні 22 сағат 27 минутта металл тиелген "МАН" жүк көлігінің жүргізушісін қамауға алған. Көліктегі жүктің гамма-фоны қауіпсіз шектен асып кеткен (сағатына 116,22 микрозиверт).

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, жүкті жөнелткен "Казвторцветмет" АҚ Петропавловск бөлімшесі де, оны алушы Германияның Schach Matt Handels & Vertriebsgesellschaft mbH. фирмасы екен.

Радиоактивті жүгі бар автокөлік Петропавловск қаласының теміржол тұйығының арнайы алаңқайында тұр. Оның Солтүстік Қазақстан облысының ІІД күшімен күзет ұйымдастырылған.