2023 жылдың тамызынан бастап бүкіл облыс бойынша ҮЕҰ ұжымы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған педагогтар мен ата-аналарға арналған 14 тренинг өткізді. Мамандар инклюзивті білім берудегі педагогтардың құқығы мен құзыреті туралы айтып берді. Практикалық бөлімге ерекше мән берілді. Мұғалімдерге «рефлексия» әдісін қалай қолдану керектігі, сонымен қатар, психологиялық және педагогикалық дайындық нақты нені қамтитыны түсіндірілді. Кездесу қорытындысы бойынша тыңдаушылар инклюзивті білім беру бойынша тұрақты оқыту қажеттілігін атап өтті.
- Әр кездесуде мектепте инклюзивті ортаны қалай дұрыс қалыптастыру керектігін айттық. Мұғалімдер мүгедек балаларды оқытуда көптеген қиындықпен бетпе-бет келеді. Инклюзивті білім бұл балалар әртүрлі және даму ерекшелігіне қарамастан, әрқайсысының білім алуға құқығы бар деген сөз. Әлем өзгеріп отыр, балалар мен педагогтардың төзімділіктік танытуы өте маңызды, - деді бірлестік директоры Ақжан Кәрім.
Бұған қоса, жоба барысында 18 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді іске асыруға мониторинг жүргізілді. Оның нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін қолжетімділіктің жеткіліксіз екені анықталды.
- Біз мүгедек балалардың ата-аналарына, педагогтарға жан-жақты көмек көрсеттік. Бұл онлайн және көшпелі кездесулер болды. Олармен логопедтер, психологтар, дефектологтар, сурдопедагогтар, тифлопедагогтар жұмыс істеді, - деді педагог-психолог Елена Мащенко.
Жоба аясында барлығы 549 мұғалім мен 126 ата-ана қамтылды. Жобаның қорытындысында авторлар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту үшін «Педагог, ата-ана және маман» бірлестігінің маңызды екенін көрсете алды.
Ұйымдастырушылар бұл ескертулер ескеріліп, түзетіліп, инклюзивті білім беру қалыпты нәрсеге айналады деген үмітпен жұмысын жалғастырады.