Солтүстік Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын бұзуға қатысты 6 қылмыстық іс қозғалған

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, үстіміздегі жылдың басынан бері прокуратура 96 тексеру жүргізіп, 877 заң бұзушылық анықтаған. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын бұзғаны үшін 153 адам тәртіптік жауапкершілікке, 61 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кәмелеттік жасқа толмаған 2666 жасөспірімнің құқықтары қорғалған.

Атап айтқанда, баспасөз қызметі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлихан ауданындағы кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған жетімдер үйінде 17 жасар тәрбиеленушінің қайтыс болуы туралы іске қатысты тергеу жұмыстарының жалғасып жатқандығын хабарлады. Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, ол өмірге қауіп төндіретін қара жұмысқа заңсыз тартылған.

Жүргізілген тексеру, балаларды ауыр жұмысқа заңсыз тарту дерегі, бұл жайттың осы аталмыш жетімдер үйіндегі бірінші жағдай еместігін көрсетіп отыр. Енді жетімдер үйінің басшылары мен жұмыс берушілер қылмыстық жауапқа тартылады, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасындағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті