Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға жылдың аяғына дейін қосымша 500 млн теңге бөлу межеленген

"Екінші деңгейлі банктерге кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруге 500 млн теңге бюджет қаржысы бөлінді. "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі "Даму" қоры" АҚ кәсіпкерлік жобаларын тең қаржыландыруға атсалысуда", -деп хабарлайды әкімдік.

"Кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қарау жөніндегі комиссия екінші деңгейлі банктерге 2 млрд 282 млн теңгенің 132 инвестициялық жобасын жолдады. Соның ішінде құны 99 млрд теңгені құрайтын 6 жобаға несие бөлінді", - деп нақтылайды баспасөз қызметі.

Барлық инвестициялық жобалар Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамытудың басымдық берілген бағыттарына сай келеді.