Солтүстік Қазақстан облысында кеден бекетінде радиоактивті металл тиелген үш автокөлік ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы "Жаңажол" кеден бекетінде 29 маусымда 12 сағат 56 минутта радиациялық бақылаудан өткен кезде Volvo автокөлігі мен тіркемесі бар, металл тиелген екі Iveco автокөлігі ұсталды, олардың гамма-фон деңгейі шектеулі нормадан 1-ші автокөлікте 139 есе (43,3 мкЗв/сағ), 2-шісінде - 37 есе (12,5 мкЗв/сағ), 3-шісінде - 152 есе (51,6 мкЗв/сағ) артып кеткен.

Жүкті жіберуші "Экоминералс" ЖШС. Тіркеммелі автокөліктер теміржол тұйықталымының арнаулы алаңында тұр. СҚО ІІД-нің қызметкерлері оларды күзетке алды, деп хабарлайды ТЖМ.