Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны басталды

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жетекшісі Әсем Уақышева мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл 4 млн 340 мың 200 гектар алқапқа егін егіледі. Оның 3 млн 366 мың 800 гектарына бұршақ пен астық дақылдары, 2 млн 865 мың 700 гектарына бидай себіледі.

Бидай алқаптарының көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 79,6 мың гектарға қысқарып, майлы дақылдар мен жем-шөп алқаптары ұлғайтылды.