Баспасөз қызметі заңсыз айналымнан 29 кг гашиш, 15 кг марихуана, 100 грамм героин тәркіленгенін хабарлады. Әкімшілік жауапкершілікке 17 адам тартылған. Жыл басынан бері есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке 81 адам тартылған.