Орталық өткен жылдың желтоқсан айының аяғфнда Бескөл ауданы орталығында ашылған жаңа емхананың негізінде жабдықталды. 10 орынға есептелген тәулік бойғы және 20 орынға есептелген күндізгі стационарда 600-дей адам емдеуден өте алады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров мүгедектерді сауықтыру орталығының ашылуы ел президентінің әлеуметтік саясатының бір көрсеткішінің орындалуы екенін атай отырып бұл іс жалғасын табады деді. Әкім орталық директоры Виктор Коростелевке жаңа "Газель" автокөлігінің кілтін табыс етті.
Бұл орталықта денсаулық түзеу мүмкіндігіне бірінші болып қозғалысы шектеулі жандар ие болмақ. Одан әрі көрсетілетін қызмет түрлері көбейе түседі. Әкімнің айтуынша, облыс бойынша 20 мың тұрғын сауықтыру процедураларына мұқтаж.