Басқарма бастығы Асқар Сақыпкереевтің хабарлауынша, мүгедектерді сауықтыру құралдарымен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 85,9 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес, алғашқы жарты жылдықта мүгедектерге тегін беру үшін 205 мүгедектер арбасы, 321 тифлотехника (көз жанары көрмей қалған адамдарға арналған), 450 бірлік сурдотехника (есту және сөйлеу кемістігін түзету құралдары), "Сосновый бор" дауажайына 26 жолдама алынды. Протездік-ортопедиялық көмекке зәру 597 адамның 405-і көмек алды.
Сондай-ақ, А. Сақыпкереевтің айтуынша, жүріп-тұра алмайтын бірінші топтағы 232 мүгедекке дердес көмекші қызметі көрсетіліп, құлағы мүкіс 200 мүгедекке ыммен сөлесу маманының қызметі көрсетілді.
Кәсіппен қамтамасыз ету мақсатында жылдың бірінші жартысында 38 мүгедек жан әлеуметтік жұмыс орнына, тағы 151 адам -квоталы жұмыс орындарына, 18 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 59 мүгедек жан ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 1 адам кәсіптік оқуға іберілді.
А. Сақыпкереевтің айтуынша, жыл басынан бері облыста ғимараттар мен нысандарға 20 пандус пен жоддар салынды. Облыс бойынша осындай құралдар 850.
Бүгінде 28 әлеуметтік көмек бөлімшелерінде 3 мыңдай адамға өз үйлерінде көмек көрсетіледі, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі 82 мүгедек пен 453 бала көмек алады.