Солтүстік Қазақстан облысында өрт 20 тонна арпаны жалмады

Тайынша ауданының Рощинское ауылындағы астық қабылдау бөлімшесіндегі өрт сейсенбі күні 1 сағат 15 минутта шыққан. "Өрт 1200 шаршы метр аумақты шарпыды. Қойманың шатыры құлады. Жалын 20 тонна солод арпасын жалмады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өрт таңертеңгі 9 сағат 20 минут шамасында ғана сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті