Солтүстік Қазақстан облысында осы аптаның соңына дейін күздік бидайды жинауды аяқтауды жоспарлап отыр

Департамент маманының мәліметтеріне сүйенсек, күздік бидай егілген жердің аумағы 8760 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта барлық егілген күздік дақылдар көлемінің 73 пайызы орылған, оның 10 пайызы басылған.

Г. Полищуктың ақпаратына сүйенсек, жалпы түсім 17 470 центнер бидайды құраған (орташа түсім гектарынан 19,5 центнер). Астық түсімінің көрсеткіші бойынша Аққайың ауданы алда келеді. Кейбір алқаптарда шаруалар гектарынан 50 центнерге дейін бидай жинауда.