"ҰҚКД қызметкерлері оны 30 сәуірде Е. Бөкетов атындағы көшеде көлігінің жанында $2,5 мың көлемінде пара алып жатқан сәтте ұстады", -деді С. Мұстафин.
Оның айтуынша, "шенеунік экологиялық заңнаманы бұзған кәсіпкерден әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара бопсалаған-мыс".
С. Мұстафиннің хабарлауынша, Б. Кенжеғозин қазірде прокурордық рұқсатымен ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды.