Солтүстік Қазақстан облысында пара алу кезінде салық қызметінің шенеунігі тұтқындалды

"Салық қызметінің қызметкері жеке кәсіпкерден оның екі кәсіпорнында салықтық тексерулерді тоқтатып, оң шешімнің қабылдануы үшін ірі көлемдегі ақша бопсалаған", - деп хабарлады С. Мұстафин.

Оның айтуынша, жоғары шенді шенеунікті өткен сенбі күні өзінің көлігі жанында 5 мың АҚШ доллары мен 600 мың теңге алып жатқан кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тұтқындады.

Ол сондай-ақ, салықтық тексерулер ағымдағы жылдың 14 ақпанынан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялаған президент жарлығын бұза отырып жүргізілген".

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілінің ақпаратына сүйенсек, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.