Атап айтсақ, облыстық қан орталығы еуропалық жаңа мұздатқыш жабдықтарды сатып алды.
Қан орталығы әсіресе американдық бірегей гемонетик аппаратын мақтан тұтады. Ол стерильділік талабын бұзбай, таза плазма алуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, гемонетик қан тапсырушының жағдайын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Оның электронды таблосында адамның негізгі денсаулық көрсеткіштеріне қатысты барлық ақпараттар көрсетіліп тұрады. Барлық қажетті процедуралар жүргізілгеннен кейін донор қанынан бөлініп, 600 мг дорбаға құйылған плазма мұздатқыш қондырғыларға жіберіліп, онда минус 60 градуста тоңазытылады.
Қан орталығында бұған қоса қанды мұздататын жаңа екі жабдық алынды. Олар бұрын қолданылып жүрген жабдықтардан біршама тиімді болып шықты. Егер бұрын плазманың бір құтысын мұздатуға 40 - 45 минут қажет болса, қазір бұл уақыт екі есе қысқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті