Солтүстік Қазақстан облысында қатқақ салдарынан екі күнде 30 жол апаты тіркелді

Соның ішінде 24 апат облыс орталығында болған. Апаттардың салдарынан 2 адам мерт болып, сегізі жараланды.

К.Шынтеміровтың айтуынша, апаттардың шығуына қатқақ пен қалалық жол қызметтерінің қыс маусымындағы жұмысқа дайын болмауы әсер еткен.
Облыс әкімі Тайыр Мансұров жол қызметтері мен осы істі өз міндетіне алған Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Павел Глованың іс-қызметіне көңілі толмайтынын білдірді.