Солтүстік Қазақстан облысында Қырғызстан азаматынан 7 килограмм гашиш тәркіленді

22-жастағы жігіт Бішкек-Екатеринбург бағытындағы жолаушылар поезын тексерген кезде ұсталды. Қырғызстан азаматының сөмкесінен гашиш оралған 6 бума табылды.

Тұтқынның кеденшілерге хабарлауынша, ол есірткіні Бішкектен Екатеринбург қаласына жеткізіп бергені үшін тапсырыс иесінен 500 доллар алуға тиіс болған.
Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің "айналымы шектелген заттардың контрабандасы" жөніндегі 250-бабы бойынша айып тағылып, қазір оны уақытша тергеу қапасына қамау мәселесі шешілуде.
Бұл Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері кеденшілер ұстаған 20-шы есірткі тасымалдаушы. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 60 килограмды құрады.