Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, 1982 және 1988-жылы туған Қырғызстанның екі азаматы "Петропавловск-темір жолы" өткізу бекетінде ұсталды. Құжаттарды тексеру және қол жүктерді тінту барысында салқындатылған сусын құятын үш бөтелке табылды. "Алдын-ала талдау қорытындысы көрсеткендей, бөтелкеде аса сирек кездесетін есірткілік зат - сұйық героин болып шықты",- деп хабарлайды шекарашылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті