Солтүстік Қазақстан облысында радиация өнеркәсібі мен ядролық энергетикада қолданылатын сирек металл контрабандасына тосқауыл қойылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сирек металл Қарағанды- Екатеринбург бағытымен жолға шыққан "Мерседес-Бенц" автобусын тексерген кезде табылған.

"Автобус салонының артқы бөлігіне кедендік тексеру жүргізген кезде жолаушылар отыратын орындықтардың астынан, артқы дөңгелек пен еденнің арасындағы кеңістіктен кедендік бақылаудан жасырылған күміс түсті металл құймалары табылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жан-жағы 11 және 26 см-лік төртбұрыш пішінді он құйма құпия қоймаға жасырылған. Олардың жалпы салмағы 122 килограмм болды.

Алдын-ала сараптама қорытындысына сәйкес, бұл құймалар висмут сирек металлы деп танылды.

Қазір тексеру жүргізілуде, бұдан кейін процессуалдық шешім қабылданады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.