Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 -сәуір күні 00 сағат 44 минутта Солтүстік Қазақстан облысының "Жаңажол" кеден бекетінде тіркемелі "ДАФ" автокөлігі (болат қара металл қалдықтары тиелген, Қарағандыдан Дуйсбургқа (Германия) бет алған) ұсталды. Радиациялық бақылау нәтижесі көрсеткендей, гамма фон деңгейі сағатына 1500 мкр құраған, бұл шектеулі нормалан 47 есе артық.
Тіркемелі автокөлік темір жол торабының арнаулы алаңында ІІД күштерінің қорғауында тұр. 27 сәуір күнгі 16 сағат 30 минуттағы жағдаймен жүк тиелген "ДАФ" автокөлігі жүк жіберуші "Қарағанды Вторцветмет" ЖШС-іне жіберілді.