Солтүстік Қазақстан облысында радиоактивті металл тиеп алып Қазақстаннан Германияға бет алған автокөлік ұсталды

Мекеме ақпаратына сәйкес, автокөлік "Жаңажол" кеден бекетінде кеше ұсталған. "Радиациялық бақылау нәтижесі жүктің гамма-фоны шектеулі мүмкін шамадан 12 есе артық екенін көрсетті", - деп хабарлайды мекемедегілер.

Жүкті Теміртаудың "КРАМДС-КРИНД" ЖШС жіберсе, қабылдаушы - "COSMA GMBH" фирмасы (Германия).

"Автокөлік Петропавловск қаласындағы теміржол тұйықталымында тұр. Жүкті ІІД күштері күзетуде", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті