Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Харьков пен Владивосток арасында қатынайтын поезды тексерген кезде "Петропавловск-темір жол" өткізу бекетінің шекарашылары Қазақстан азаматын ұстады. "Оны тұтқындауға басты себеп - декларацияда көрсетілмеген 9900 АҚШ долларының табылуы", деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті