Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар контрабандалық дәрі-дәрмектер партиясын тәркіледі



Қымбат тауарды Чита-Челябинск бағытындағы отарбамен Красноярск қаласынан келе жатқан 4 жолаушы шекарадан заңсыз алып өткен. Олар Өзбекстанға бет алыпты.
Ішінде супрастин, эссенциале, церебразилин және басқа да антибиотиктер бар дәрілік заттар төрт сөмкеге салынып, киімдердің ішіне жасырылыпты. Ұсталғандар осындай заңсыз жолмен алып өткен дәрі үшін тапсырыс иесі өзбек сомымен есеп айырысамын деп уәде берген, сол арқылы біраз ауқат жинамақ болдық деп ағынан жарылды.
Жүк тәркілеп алынды. Енді мамандар тәркіленген дәрілік заттардың арасында психотроптық және есірткілік заттар бар-жоқтығын анықтайды.
Бұл - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері әшкереленген дәрі-дәрмек контрабандасына қатысты алғашқы дерек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті