Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Петропавл шекара отрядының "Қосақ авто" бақылау бөлімінде көлік құралдарын тексеру барысында Қазақстаннан Ресейге "Вольво" автокөлігімен бет алған екі РФ азаматы ұсталды. "Шекарашылар ұсталғандардан тексеруден жасырылған контрабандалық 28 мың АҚШ долларын тәркіледі",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті