"Суды тазарту сапасын арттыру үшін 4 деңгейлік жүйеге көшу жоспарланып отыр. Осы жұмыстарға бөлінген 51 млн теңге игерілді. Енді 2-3 деңгейлердің жұмысына 623 млн және 4 деңгей үшін тағы 50 млн теңге қажет", - деп хабарлады "Петропавл Су" АҚ вице-президенті Рүстем Рамазанов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа тазарту қондырғыларымен таныстыру кезінде, деген ақпарат берді "Петропавл Қазақстан".
Телерадиоарнаның хабарлауынша, министр бұл мәселені шешу үшін Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жобалық-сметалық құжатын тапсыруды тездету керектігін ескертті.